Әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Чемпионатқа еліміздің әр түкпірінен 206 спортшы қатысып жатыр. Ең көбі Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысынан. Ақмола облысынан 20 боксшы әйел келіпті Қатысушылар арасында Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары - Саида Хасенова, Марина Вольнова, Елена Кольцова және Көкшетау спортшысы Мөлдір Базарбаева бар.

Жарыс Көкшетаудағы Қажымұқан атындағы спорт кешенінде жазғы 3-ші спартакияда аясында өтуде. Жарыс 6 күнге созылады.