10 шақырымдық қашықтықтағы шаңғы жарысында 36.34.6 уақыт көрсеткішімен Оңтүстік Корея спортшысы Чае-Вон Ли топ жарды. Жапон атлеті М. Ишида мәре сызығын екінші болып кессе, тағы бір жапон қызы Юки Кобаяши қола жүлдегер атанды.
Бұл сайысқа Қазақстан атынан қатысқан Елена Коломина мен Светлана Малаховалар 5 және 6 орындарға тұрақтады.
Бұл кешенде енді шаңғы жарысынан еркін стильде ерлер арасындағы бәсеке басталады. Оған жерлестеріміз Николай Чеботько мен Сергей Черепанов қатысатын болады.