Әйелдер арасында коньки тебу спортынан алтынды Жапония спортшысы иеленді

Жапония елінің өкілі Масако Ходзуми (Masako Hozumi) 3000 метрлік қашықтықты 4 минут 7,82 секундта жүріп өтіп, аталмыш салада Жапонияның қоржынына осымен үшінші алтын медаль қосты.

Екінші жақсы нәтижені оңтүстіккореялық спортшы Бор Ен Ким (Kim Boreum) көрсетті. Ол жеңімпазға 2,72 секунд уақыт ұтқызып екінші орыннан көрінді.

Үшінші орынға 4 минут 10,77 секунд нәтижемен қытайлық қыз Фей Ван (Wang Fei) тұрақтады.