Әйелдер колониясында балық өнімдерін өңдейтін цех ашылды

Мұнда балық өнімдері аршылып, тазаланып, феле дайындалады,  концервіленеді. Әзірге 10 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып отыр, цех толық қуатына кіріскен кезде 30 адам күніне  1000 дана балық консервісін шығармақ.  Оларға 20 айлық есептік көрсеткіштен кем емес жалақы да төленіп отырады. Өнімдер әзірге Атыраудағы түзеу мекемелеріне жіберілуде. Кейін ел аумағындағы басқа да түзету мекемелеріне жеткізіледі.

«Қазір бұл колониясында 241 әйел жазасын өтеуде. Олардың  50-і тігін және нан өнімдерін дайындайтын цехта жұмыс істеп келеді. Енді тағы 25-і  жуырда ашылатын вермишель дайындайтын және аяқ киім тігетін цехта еңбек ететін болады» делінген хабарламада.