Әйелдер командалары арасындағы ІІ Азия кубогының ширек финалындағы қазақстандық волейболшылардың қарсыласы Жапония құрамасы болды


Қыркүйектің 19-ы күні басталған бұл байрақты бәсекеде Ольга Щербакова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде А тобында сынға түскен болатын. Онда Корея мен Қытай спортшыларына 0:3 есебімен ұтылғанымен, ақырғы ойында Иран волейболшыларын 3-0 есебімен (25-22, 25-18, 25-4) ойсырата жеңді. Енді ширек финалда олар Тайландтқа (0:3) ұтылып, Тайпей (3:1) мен Вьетнамды (3:0) жеңген Жапония құрамасымен кездесуде. Ал кореялықтар қытайлық, тайпейліктер тайландық спортшыларымен сынға түсетін болады.