Әйелдер күресінен Әлем кубогының жарысы өтеді

Онда ел намысын 10 балуан қорғайтын болады. Олардың арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері астаналық Жұлдыз Ешімова (48 кг), алматылық Зульфия Яхьярова (51 кг), шымкенттік Елена Шалыгина (67 кг), Азия чемпионы алматылық Гюзель Манюрова (72 кг) жене Азияның қола жүлдегерлері астаналық Айым Әбілдина (55 кг), қарағандылық Эльмира Сыздықова (67 кг), ақтөбелік Ольга Жәнібекова (72 кг) бар. Бапкерлер бұл дүбірлі додада сондай-ақ, қызылжарлық Гулмира Ысқақова (51 кг), ақтаулық Ольга Калинина (59 кг), астаналық Татьяна Захароваға (63 кг) да үлкен сенім артып отыр. Ал еркін күрес шеберлері арасындағы Әлем кубогы бәсекесі келесі аптада, 11-13 наурыз күндері Ресейде, Махачкалада өтеді.