Әйелдер күресінен Е. Шалыгина мен Г.Манюрова - Азия чемпиондары

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, 55 келі салмақ дәрежесінде күрескен Айжан Ысмағұлова үш кезеңге созылған белдесуде қытайлық Ти Нинх Траннан ұтылды. Ал үшінші орын үшін болған таласта қырғыз өкілі Гулина Қубатбекқызымен кездесіп, қарсыласынан мықтырақ болды. Қоржынымызға алғашқы медальді салған Айжан.

67 келіде Елена Шалыгина қуантты. Елена боз кілемге үш мәрте шығып Азияны бағындырды. Шалыгина финалда моңғол қызы Баярзая Тсендердоржбен кездесіп, қарсыласын 1:0, 4:0 есебімен ұтты.

72 келі салмақ дәрежесінде ел намысын Гузель Манюрова қорғады. Финалға дейін ол кәріс Ип-Сае Бае мен қытайлық Ян Хонгты жолдан тайдырса, финалдық бәсекеде моңғол өкілі Оданчимег Бадракхтың есін жидырмады. Бұл Гузель Манюрованың қатарынан екінші мәрте Азияның үздігі атануы.