Әйелдерді жалаңаш шешіндіруге мәжбүрлеген тергеуші қамауға алынды

Самарқан облысының Каттакурган шаһарындағы базарда ақша ұрлады деп қамалған екі әйелді жалаңаш шешіндіріп, қорлаған тергеуші Санат Умаров қамауға алынған. Бұл жайында Өзбекстан Бас прокуратурасы хабарлады.

Каттакурган шаһары ішкі істер бөлімшесінің тергеушісі, 30 жастағы Санат Умаров қызметін асыра пайдаланды, адамның абыройын төгіп, азаптады деп айыпталуда.

4 шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Санат Умаровқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

3 маумысда тергеуші Санат Умаров бастаған милиция өкілдері бөлімшеге базардан ақша ұрлады деген күдікпен екі келіншекті алып келген. Кейін оларды жалаңаш шешіндіріп, ақша іздеп, қол көтеріп, кемсіткен. Әйелдерден ақша таппағаннан кейін, тиісті құжаттарды да толтырмастан, босатып жіберген.

ІІМ өкілі тергеуші Санат Умаровтың теріс әрекеттері үшін қызметінен алынғанын хабарлаған. Ал қалған милиция қызметкерлерінің тағдыры әзірге белгісіз.

 

                                                                                                                                               Дереккөзabai.kz