Әйелдердің үлесін қоғамның барлық саласында 30 пайызға жеткізуде сан емес, сапаға мән берілуі керек


«Қазір әйелдердің үлесі Парламент Мәжілісінде 24 пайыз, Үкіметте 10 пайызға жақын, ал жақында өткен ауыл әкімдерінің сайлауында 11 пайызға жетті. Қазір қарулы күштердегі қыз-келіншектердің үлесі 8 пайызды құрауда», - дейді ҚР Президентінің кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова. Оның айтуынша, әйелдер арасынан бірінші боп генерал атағын алған Сәуле Айтбаеваның әскердегі әлімжеттікті ауыздықтау үшін әйелдердің құқық қорғау органдары саласындағы ұйымын құру туралы ұсынысының болашағы өте зор.