Сот қаулысы бойынша ауыл тұрғыны адам денсаулығына зиян келтірді деп танылып, 45 тәулікке қамауға алынды.
Сот хабарламасына сүйенсек, ішімдікке сылқия тойған отағасы кешкі асты пісірмеген келіншегін сегіз жасар баласының көзінше соққыға жыққан.
Ол өз кінәсін мойындағанымен істеген ісіне өкініш білдірмепті және әйелімен татуласуға әрекет жасамаған көрінеді.