Caravan Logo

Әйелін қызғанған ер адам жантүршігерлік қылмысқа барды

Әйелін қызғанған ер адам жантүршігерлік қылмысқа барды

 Өзбекстанда қызғаншақ ер адам әйелін аса қатыгездікпен өлтірді.

Күйеуі әйелін 19 рет пышақтаған, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, күйеуі әйелі көзіне шөп салды деп күдіктенген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталды.


Әйелдің екі кішкентай баласы қалды. Үлкені – төртте, кішісі бір жаста.