Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сенің семьяңның бұзылғанына жезөкшенің түк кінәсі жоқ... нәпсіңе ие бола алмаған, әйеліңе тоятың қанбай жезөкшеге барған, бала-шағаңа, әйеліңе қимаған ақшаны жезөкшелерге шашқан, жезөкше еркекке айналған өзің ғана кінәлісің!..
Еркектік қуатың асып, ақшаң тасып бара жатса, жетім-жесірді жарылқа, қайырымдылықпен айналыс, тіпті, екінші әйел ал да, жағдайын жасап, бала туғыз...
Әр қатынның етегіне жабысып, жезөкшелерге жем болып, сифилис боп, отбасыңның ойранын шығарып жүрген өзің ғана! Басқа ешкім емес!!!....
* Бұл пост - отбасын ойрандап, жезөкшелерге баратын жезөкше еркектерге қатысты. Ондайдан таза болсаң, шамданбай-ақ өтіп кеткенің жөн... мыңқылдап бірдеңе жазсаң, сен де жезөкше еркексің деген сөз...", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.