Әйелінің екі қолын шауып тастаған жігіт жұбайына түрмеден хат жазып жіберді

Хатта әйелінен өзін күтуін сұрап, кешіруін өтінген. Ажырасу туралы арызын қайтып алуын сұраған. Кейіннен өлтіретінін де айтып қорқытқан.

«Ол өзін ауру деп ойлау үшін әдейі осылай жазған. Ол мені жазаладым, енді бақытты өмір сүреміз деп ойлайды», – дейді әйелі Маргарита Шейкина.


Оқиға 11 желтоқсанда Ресейде болды
. Әйелі опасыздық жасады деп күмәнданған ер адам оны орманға апарып, екі қолын кесіп тастаған.

Кейіннен қолын байлап, емханаға жеткізген. Дәрігерлер әйелдің қолын қайта жалғап тігіп берді.

Ерлі зайыпты 5 жыл бірге тұрған. Олардың 3 және 4 жастағы балалары бар.