Бұл той туралы естімеген адам кемде кем. Ақ лимузин, қуанышқа атылған шампан, тек құшағы айырылмаған қалыңдық та, күйеу жігіт те қыздар. Бұл күні Кристина мен Каролина күллі жұрттың жағасын ұстатты. Ал қыздарының осы түздегі қылығынан үйдегі ата-ана мүлде хабарсыз болып шықты.
Галина Чернышева, Кристинаның әжесі:
- Тойды ғаламтордан көргенде өз-өзіме келе алмай, жылай бердім. 10 күн бойы есеңгіреп жүрдім. Әке-шешесі де сенген жоқ. Ешқайсысымыз сенген жоқпыз!
Жаңа түскен «келінін» көріп қыздың туған әжесі талып түсіпті. Сөйтсе, бойжеткен той алдында ғана туыстарымен жанжалдасып, үйінен қашып кеткен екен. Кейін әжесіне телефон шалып, Қарағандыда фотомодель болуға талпынып жүргенін айтқан.
Галина Чернышева, Кристинаның әжесі:
-Ол фотомодель болғым келеді деді. Кристинаға әлдебіреулер көп ақша ұсыныпты. Соған алданып, Қарағандыға кеткен. Біздің қызымыз ешқандайда лесби емес! Кәдімгі көйлек киіп жүрген қыз болатын.
Кристина қаза болардан бірер күн бұрын құрбысына қоңырау шалып, Астанада жезөкше болып жүргенін, Алматыға қайтқысы келетінін жеткізіпті. Оны осы жолға «әйелі» Каролина түсірген екен. Қазір Чернышевтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр.
- Құдайым не үшін, не үшін?
Қанды қылмыс наурыз айының соңында болған. Кристинаны жары екі сыбайласымен бірге өлтіріп,денесін бөлшектеп өртеп жіберген. Мәйіттен тек сан сүйегі мен омыртқасы қалыпты. Лесби атанып, атағын шығарған қыз ертең туған қаласы – Алматыда жерленеді. Ал қандықол қалыңдық пен сыйбайластары көпке ұзамай қолға түсті. Каролина бұрын екі рет күйеуге тиіп, екі балалы болған екен. Және 16 жасынан жеңгетайлықпен айналысыпты. Енді бұл үшеуі өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.