Әйелінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген Қанат Сәдуов ұсталды

Көп ұзамай әйел алған күйіктерінен ауруханада көз жұмды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабаралады.

Өткізілген жедел-іздеу шаралары кешенінің барысында Астана қалалық ІІД-нің жедел қызметкерлері халықаралық іздеуде болған 43 жастағы Қанат Ғайсаұлы Сәдуовты ұстады.

Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, Қанат Сәдуов туыстарының жекеменшік үйінің жертөлесінде арнайы жабдықталған бөлмеде жасырынған.