Айгерім Мамырова мен Иса Алимұса - Тек менде ғанасың әнінің сөздері

"Тек менде ғанасың" - деп аталатын әннің авторларына келсек,

сөзін: Рамазан Амантай  әнін: Зарлық Қамбаралиев  жазған.

Caravan.kz порталы су жаңа әннің сөздерін назарларыңызға ұсынады.

 

Иса:
Жоғалттым қаншама жылдарды,
Қуанып қарсы алатындарды.
Менің тек махаббатым қалды,
Сен қалдың,

Айгерім:
Ғашықтық ғаламатындамын,
Сезілді сағынышың жалын.
Сен барсың барың үшін жаным,
Мен бармын.

Сен барсың барың үшін жаным мен бармын!..

Қ/сы:

От болып жанасың
Жүрекке дауасың
Сен ешкімде жоқсың
Тек менде ғанасың

Иса:

Сүйемін соның сыры неде?


Өзгені өзімсінуге де.
Өкінбей өмір сүруге де,
Себепшім...

Айгерім:

Күн нұрын төгіп тұрған кезде,
Көздерім көріп тұрған кезде.
Жүрегім соғып тұрған кезде,
Керексің. 

Жаным сен өзгелерден өзге,бөлексің!...