Әйгерім Қонысова: «Баламды емдеуде «Қамқорлық» орталығының пайдасы мол»

«Әлинұр алғашында мазасыз, жан-жағына қарамайтын, жата беретін еді. «Қамқорлық» орталығына екінші рет келгенде отыра бастады. Ал 3-4 рет келгесін үстел жағалап, кейінірек жүре бастады. Ал 1,3 жасында өздігінен отырып, жүретін болды», - дейді Әлинұрдың анасы.

Әйгерім Қонысованың ендігі арманы балам сөйлеп, адамдарды таныса дейді. Бұл үшін шаршамай, талмай күресуге дайын. Ал оған мүмкіндік берген оңалту орталығына алғыс айтады.

Әлинұр мен анасына зор денсаулық, мол бақыт тілейміз! Арманына жетсін дейміз! Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері іске асқан инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор.