Әйгерім Ынтыбаева: «Ұлдарым қатардан қалмаса екен...»

«Бұл орталық 2022 жылдың қараша айында ашылды, біз бірден осы орталықтың қызметіне жүгіндік. Ұлдарым орталықта түрлі іс-шараға қатысады, көпшіл, ақылды болып өсіп келеді. Биді, музыканы, спортты жақсы көреді. Дефектологтардың да көмегі көп. Ұлдарым қатардан қалмаса екен», - дейді ол.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бері іске асқан инклюзияны дамыту жөніндегі «Қамқорлық» жобасының маңызы зор. Бүгінге дейін 14 оңалту орталығы, 11 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 4 орталық пен 16 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған.

Бұл игі жобаны облыстық әкімдіктің қолдауымен «Қамқорлық қоры» КҚ жүзеге асырып отыр. Ал оңалту үшін жолдаманы ата-аналар тұрғылықты жері бойынша орналасқан емханадан ала алады.