Бұл туралы видеоны Тортуыл Шоқан желіге жүктеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Астана қаласындағы— Хазрет Сұлтан мешіті имамы, 7 баласы бар анаға мешіт ішінде бір түн түнеп шығуға рұқсат бермеген. Тіпті қаржылай көмек беріп шығарып салудың орнына көпбалалы Анаға жекіп, сыртқа шығарып жіберген. Мешіт—халықтың қаражатына салынған ғимарат. Имансыз Имамның әкесінің ақшасына салынған жоқ", деп жазды автор.
Келіншекке жаны ашыған қоғам белсенділері көмектескен. Тіпті мешіт имамымен де сөйлесуге тырысыпты.
"Сіздерге рахмет, сіздер жинап берген ақшаға енді қонақ үйге барып бір күн болса да қонуға барам", деді видеодағы әйел.