Видеодан Бекболат Тілеуханның домбырамен ән салып отырғанын байқауға болады. Бірақ оның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнаған жоқ. Көбісі, соңғы кездері ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы болған Рамазан Сәттібаевтың айыптауларын айтқан. Яғни, ол бұған дейін Бекболат Тілеухан қауымдастықты басқарып тұрғанда, осы ұйымға бөлінген 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны Қайрат Сатыбалды алды деген болатын.
"Жынын шақырып отыр", "Миллиард қайда деп сұрай салындаршы", "Түркия — қазақтардың қашып баратын екінші отаны болды ғой", "Негізі мықты артист екен", "Ұялмай ән шырқап жүр", "Танымаймыз, танығымыз да келмейді",- деп пікірді оқша боратты.