Әйгілі боксшы әке атанды

Украиндық басылымдардың ақпаратынша, сәби 4 желтоқсан күні кешке АҚШ-тағы клиникалардың бірінде дүниеге келген. Оның ұл не қыз бала екені әзірге айтылмай отыр, алайда, осыған дейін Хайден Панеттьери өздерінің қызды болатындарын жеткізген еді.

Бұл жұлдызды жұп өздерінің атастырылғаны туралы 2013 жылы жария еткен болатын. Алайда олардың тойларының болатын күні әлі нақтыланбаған. Қалыңдықтың айтуынша, «бұған Украинадағы жағдайлар себеп» болып отыр.