Әйгілі Букингем сарайында Назарбаевқа ерекше құрмет көрсетілді

Елбасыны патшайымның өзі есік алдынан күтіп алды. Мемлекет басшысы кілең тақ мұрагерлері жиналған салтанатты жиынға премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваны ерте келген. Ал президенттің құрметіне патша сарайының гвардиясы сап түзеп, қазақ әнұраны шырқалды. Тіпті қарауыл рапортты қазақ тілінде баяндаған. Назарбаев Елизавета патшайымға Ұлыбритания Үкіметімен келісілген ауқымды экономикалық жобалары туралы айтып берді. Тұманды альбионнан кейін Елбасының сапары Францияда жалғасты. Осы сағаттарда Елисей сарайында президент Франсуа Олландпен келіссөз жүргізіп жатыр.

Loading...