Әйгілі дизайнерлер ер-азаматтарға мұрт қоюды ұсынып отыр

Paris Mens Fashion Week 2013 жылдың 16 - 20 қаңтар аралығында өтпек.
Әлемдік сән үйлері мен әйгілі дизайнерлер ерлердің 2013-2014 күз және қыс маусымдарындағы киім үлгілерін жарыса ұсынуда, деп жазады Утро.ру.
Бес күндік бағдарламада 50-ден астам дизайнерлер мен сән үйлері қатысып, ең сәнді деген топтамаларын ұсынбақ. Арасында - әйгілі Louis Vuitton, Hermes, Dior и Lanvin сән үйлері де бар.
Апталықты алғаш боп ашқан қазіргі замандағы ең қымбат кашемир шығарушы Lucien Pellat-Finet маркасы осы жылы ер-азаматтарға қажеті –жылылық пен қолайлылық екенін дәлелдеді.
Ал Valentino еркектер сәнін тұңғыш рет ұсынып отыр. Топтамада іскерлік костюмдері көп екен. Бірақ, түстері де батыл: қою көк, алқызыл, және шаңқай жасыл. Көбінесе классикалық шақпақты негізге алыпты. Сыртқы киімге былғары пальтолар мен қысқа жағалы ұзын тондар ұсынды.

Louis Vuitton да көк-қызыл түске рең берген. Алдағы маусымдарда сәнқұмар еркектерге қауырсынды күртешелер мен жағалы капюшонды шолақ спорттық пальтолар ұсынылды. Басты идеясы – сәнді саяхатшы келбеті. Ыңғайлы, сәнді және, ең бастысы – жылы. Дегенмен арасында алтынмен көмкерілген пиджактар да болды. Сондай-ақ, аксессуарлар да ерекше көзге түсті: рюкзактар! Рюкзак тағы да сәнді болмақ!
Rick Owens топтамасы аздап қаталырақ: ақ-қара түсті Rick Owens. Жұқа былғарыдан тігілген тондар мен шапан тәріздес пальтолар. Ал тікесінен тік тігілген жағалы киімді модельдер құтты бір басқа ғаламшардан келгендей әсер берді.
Dries van Noten түрлі түсті оюлы, ұсақ үлгілерімен ерекшеленді. Жібек көйлектер, ұзын пиджактар-халат немесе комбинезондар үйге киюге арналғандай.
Жапондық дизайнер Yohji Yamamoto болса, ешкімде жоқ, қайталанбас үлгілерімен көзге түсті. Классикалық қатаң костюмдерімен ол қабылан терісінен тігілген ашық қызыл және қып-қысқа қой терісінен тігілген тондар! Ал аксессуар ретінде көрсетілген модельдердегі жапсырылған мұрт ұмытылмас әсер қалдырды. Жапондық дизайнердің айтуынша, осы жылы мұрт жіберу де сәнге айналуы ғажап емес.
Еркектер сән апталығының қалған күндері Ann Demeulemeester, John Galliano, Saint Laurent и Comme des Garcons үйлері ұсынған топтамаларын тамашалаймыз.
Аталмыш шарадан соң, 21 қаңтарда Жоғары сән апталығы басталмақ. Chanel, Christian Dior и Jean Paul Gaultier өздерінің эксклюзивті дүниелерін паш етпек. Оны Givenchy брендінің апталықтан бас тартқанынан-ақ білуге болады. Атақты бренд басшылары Chanel, Dior және Valentino сияқты «ежелгі» маркалардың «ежелгі дәстүрден айнымас» топталамарының қасында жүруден жалыққан тәрізді.
Сонымен 26 ақпан - 6 наурызда Нью-Йорктік, Лондондық және Миландық сән апталығы аяқтала салысымен, кезекті Париж сән апталығы бой көтереді. Оның ерекшелігі – Balenciaga-ға арналған Вэнг болмақ.


Материалды дайындаған: Заира Сабитова