Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне әуекомпанияның корпоративтік байланыс департаментінің директоры Тілек Әбдірахманов айтып берді.
Оқиға 14 сәуірде Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы КС 852 рейсінің ұшағында болған. Әуекомпания өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақтың қону барысында Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтқан. Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан соң, ол әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшілік басшысының маңдайынан ұрған. "Әуе компаниясы жолаушылардың қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттеріне төзбейді және зардап шеккен қызметкерге жан-жақты қолдау көрсетеді. "Эйр Астана" сотқа дейінгі тергеуді бастап, Құсайыновты жауапқа тартуды сұрап Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз жазды", - деді Тілек Әбдірахманов.