Әйгілі евроклубтарда ойнаған футболшылар енді «Атыраудың» намысын қорғамақ


15 наурызда ел чемпинатында ойнайтын 25 спортшының 16-сы жаңадан қосылғандар. Олардың ішінде киевтік «Арсеналдан» Майкл Одибре бар. Ол бұған дейін итальяндық «Сиенада» және Нигерияның құрамасында ойнаған. Сондай-ақ кезінде португалдық «Боавишт», ресейлік «Терек» және белорустық «Неман» клубтарының намысын қорғаған Ги Стефан Эссаме, «Цверна звезда» мен ресейлік «Амкарда» ойнаған серб Марко Блажич, немістердің «Мюнхен», ағылшындық «Вес Хэм», итальяндық «Фиорентина» мен «Болония» құрамасында өнер көрсеткен тағы бір легионер Савио Нсереко бар.
«Мен жалпы футболды жақсы көремін, оның ішінде біздің команданың жанкүйерімін. Облыс басшылығы клубқа барынша көмектеседі. Сіздер тек үмітті ақтасаңыздар болғаны. Біз клубтың алдына минималды міндет қойып отырмыз, ол - чемпинаттың үздік алтылығына кіру», - деді өңір басшысы футболшыларға.