Әйгілі Нобель сыйлығы оқушы қызға бұйырды


Малала Юсуфзай есімі көпшілікке алғаш 2009 жылы мәлім болған. Ол кезде 11 жастағы қыз Пәкістандағы жеткіншектердің қиын өмірі мен елінде орнаған тұрақсыздыққа қарлығын білдірген. Сөйтіп, талибтерге қарсы бас көтерді. Алайда 2012 жылы қаһарман қыздың өміріне осы қарсылығының кесіріне қастандық жасалған. Тек Ұлыбритандық дәрігерлердің көмегімен, бассүйегі қайта қалыпқа келтірілді. Ал былтыр күрескер қыз өмірін түгел баяндалған автобиографиясын шығарды. Малаламен бірге бейбітшілік марапатына үндістандық 60 жастағы қоғам белсендісі - Кайлаш Сатъярхиде алып отыр. Айта кетсек, ғалым әрі миллионер Альфред Нобельдің атындағы бұл сыйлық 1901 жылдан бері тек ғалымдар мен қоғам қайраткерлері арасында табыс етіліп келеді. Биылғы доғаға 278 кандидат ұсынылған екен.