Бұл туралы Клара Күзденбаева 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
"Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді. Неге десеңіз, Айсәуле 22 мамыр күні дүниеге келген. Бұл - көпсериялы эпопея күні. Ең қызығы, Димаш екеуінің бағдарламасы ұқсас. Ол да әртістік, шығармашылық қабілетке ие. Сондай-ақ, бағдарламасында үш бірдей 3 саны бар, өте талантты қыз. Сабырлы, әділ, ашық, еңбекқор, харизматикаға толы.
Ең бастысы, Айсәуледе әйел бақыты бар. Сондықтан да бәрі оны жақсы көреді. Ол - ақылды қыз, бірақ сәттілік оның серігі емес. Көптеген адамдарда сәттілік жоқ. Оның анасында да сәттілік жоқ. Сондай-ақ, оның сарапшылық қабілеті өте жоғары", - дейді әр айтқаны дөп келетін нумеролог.
Клара Күзденбаеваның сөзіне қарағанда, жақында тұрмысқа шыққан Айсәуле сан бағдарламасы бойынша 23 жасында ана атануы тиіс.
"Ұлды болады", - деп қысқа қайырды Күзденбаева.