Әйгілі Prada сән үйі иелеріне қатысты қылмыстық із қозғалды


Өткен жылдың аяғында Миучча Прада мен оның күйеуі Патрицио Бертеллидің өз активтерін Нидерланды мен Люксембургтегі оффшорлық компанияларда сақтап келгені анықталған болатын. Жергілікті ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, ерлі-зайыпты сәнгерлер бәрін мойындап, салық қызметінің есебіне 470 млн. еуро аударған. Дегенмен, Милан прокуратурасы оларға қатысты қылмыстық іс қозғап үлгерген, деп жазады 24.kz.