Әйгілі "Қараш-қараш оқиғасы" фильмінің режиссері қайтыс болды

Шәмшиев 1941 жылы 12 қаңтарда Бішкекте туған. Мұхтар Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы” әңгімесінің желісі бойынша фильм түсірген. “Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері”, “Қасқырдың апаны”, “Ақ кеме”, “Ерте қайтқан тырналар” сынды фильмдердің режиссері.

1964-1990 жылдары “Қырғызфильм” киностудиясында қоюшы режиссер болды. 1989-1995 жылдардағы Қырғызстан парламентінің депутаты. 1998-1999 жылдары Қырғызстан спорт және туризм агенттігін басқарды. 1995-2000 жылдары Қырғызстанның БАӘ-дегі елшісі қызметін атқарған.