Міне, өткен жолы ғана Албанияның «Скендербеуімен» ойнап жеңіске жеткен қарағандылық «Шахтер» Астанада тағы бір әлемге танымал еуропалық командамен кездеспек. Бұл жолы да жанкүйерлер сүйікті командаларының жеңісін тілейді.
Жанкүйерлер үшін қарағандылық «Шахтер» мен шотландық «Селтик» арасындағы ойын қызу тартысқа толы болады деп үміттенеді ұйымдастырушылар. Өйткені, өз тарихында «Шахтер» бұл танымал еуропалық футбол командасымен ешқашан кездесіп көрген емес.Енді міне, қос команданың бір-бірін толық танып білуіне кең мүмкіндік ашылып тұр.Тіпті осыны ескеріп, бұл ойыннан пайда түсіріп қалғысы келетіндер де көп екен. Букмекерлік кеңселерге қазірдің өзінде миллиондаған қаржыларын салғандар да бар.
Виктория Руденко, букмекерлік кеңесенің қызметкері:
- Біздің жанкүйерлер партиоттар. Олар әр ойыншыға да ставка қойып жатыр. Коэффициенттері де әр түрлі. Жанкүйерлердің санында шек жоқ.
Екі команданың ойынын тамашалуға тек футбол жанашырлары ғана емес, футбол өтетін орын да дайындықты бастап кетті. Бір дегенде өзіне 30 мың жанкүйерді сыйғыза алатын «Астана-Арена» стадионының ішінде жұмысшылар күні –түні тазарту жұмыстарын жүргізуде. Алайда, билет әлі сатылымға түспеген. Ойыннан құр қалмайық деген жанкүйерлер қаланың әр бұрышынан билет сатып алуға ағылып келіп жатыр.
Олег Теличко, жанкүйер:
– Ғимарат ішінде не телефон жоқ,жұмыс істемейді екен. Бұл сұмдық қой. Ешкім бізге жауап бермейді. Қазақстан тарихында үлкен матч болғалы жатыр.Мен қаланың басқа жағында тұрам, сол жақтан билет үшін келдім.
Сонымен, қос команда 20-сыншы тамызда, Астанада кездеседі. Бұл күнгі матч кешкі сағат 21.00-де «КТК» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі. Ал, одан кейінгі екінші қарымта кездесу Глазгода 27-інші тамызда өтеді.