Айгүл Орынбек бетін тұмшалап, "ешқандай салт-дәстүр ұстанбаймын" деген тикток блогерді тексеруді талап етті

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы!

Тик-ток желісін бақылауға алуыңызды сұраймын!

Түнгі сағат 12-00 бастап таңғы 06:00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде!

Өздерінің салт- дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады!

Тек қыздар емес ер жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды.


Тик-ток желісін жастар көп қолданады. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек!

Сол себепті тик-ток желісін бақылауға алыңыздар!

Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп,ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық", - деп жазды Айгүл Орынбек.