Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Құрметті Асхат Аймағамбетов мырза!
COVID-19 ауруы өршіген кезде балаларды мектепке жібергісі келмей отырған ата-аналар көптеп хабарласуда.
Мектеп директорлары өздері ата аналардан оффлайн оқытсын деп мәжбүрлеп жаздырып алуда.
Жоғары жаққа ата-аналардың сұрауы бойынша деп айтылып жатқан шығар, бірақ екі ай қалғанда оқуды онлайн жалғастыра берсеңіз біраз ата-аналардың алғысын алар едіңіз.
Балалардың сабаққа келуі, жергілікті басшыларға ғана тиімді болып тұр.
Нақтылап айтсам білім саласына бюджеттен бөлінген қаражатты игеру керек. Яғни оқушыларға қатысатын іс-шаралар, мектеп жихаздары, хоз тауарлар арқылы бюджеттің қаржысын игеру керек болып тұрған сияқты.
Тамаққа бөлінген қаржыны да қосып қойсаңыз болады, бұл бойынша да қәзір мен де шағымдар жатыр.
Яғни балалардың сабаққа барғаны басшыларға тиімді болып тұр!
Егер олай болмаса балаларды ауру өршіп тұрғанда, мектеп қабырғасында емес, онлайн оқыта берейік!
Жекеге келіп жатқан хаттар өте көп болып кетті, қарсылық посттарымның астында пікір ретін де жазылып жатыр", - деп жазды Айгүл Орынбек.