Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Халықты масылдыққа үйретуді доғарыңдар!
“Кредит жауып береміз”, деп халықтың құлақ шуын көтеріп, даурықтырудың қажеті жоқ!
Халыққа шынында да жақсылық жасағыларың келсе - банктердің несиелік пайыздарын 7 пайызға дейін түсіріңдер! Болды!
Несие пайыздары - 20 пайыздан жоғары, әрине халық шиқылдап тек қарыз жабумен жүреді!
“Халықтың несиесін жабамыз” деп банктердің қалтасын толтырудың да қажеті жоқ!
Несие дегенді - әркім ӨЗІ үшін алды, өзі ӨЗ еңбегімен жабу керек!", - деп жазды Айгүл Орынбек.