Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өткен аптада Аман Тасығанның "Кешкі кездесу " бағдарламасы на түсіп, сол жерде осы тақырыпты жапқан сияқты болған едік. Бірақ мына жігіт өзін бұрын танымағаным үшін мені кінәләп әлі мыжып отыр ғой!
Жұлдыз ауруымен ауырып қалған екен мына жігіт. Қәзір ауыз ашқанның бәрі әнші болып кеткен заман. Сонда мен барлық әншіні тануым керек пе екен? Не деген көкіректік мына балада алып бара жатқан!? "Артымды қазбалап"- дейді. Құдайым ау оның арты не керек? Елде басқа проблема құрып қалғандай? Ең алғашқы менің мақаламда бәрі сұрақ белгісімен жазылған, ол сұрақтың жауабын бағдарламаға түскен кезде де алалмадым!
"Ия менен ағаттық кетіпті, енді қайталанбайды"- деп дұрысталудың орнына енді мені кінәләп отыр.
Сұқбат бергенде ауызыңа ие болу керек!
Енді тоқтамасаң, заңды жолмен тоқтатуға тура келеді!
"Ескертпейді ме"- деп секіреді келіп, қәзірдің өзінде екі үшін рет "тоқтайық осымен"- деп инстаграмға да, фейсбукқа да жаздым. Бірақ мынаның тоқтайтын түрі жоқ сияқты....
Бұлар әбден аспанда жұлдыз болып жүріп үйреніп қалған екен, бір сын айтып едік тоңқалаң асып өзімізді кінәлап әлі езіп отыр! Енді осыныкі дұрыс па?", - деп жазды Айгүл Орынбек.