Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабековке: "Арбтың ақшасы таусылып, қазақтың ақшасы үшін бетіңіз бері қараса..."

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мұхамеджан Тазабек сәләфи жолындағы жігіттердің арасында жүргенін мойындап, қайта оралғанын айтыпты.

Бұл да бір біздің ортақ жеңіс, адасып жүрген қазақтың бір азаматын ортамызға қостық!

Қош келіпсіз Мұхамеджан аға қатарымызға, соны түсіну үшін 20 жыл уақыт кеткені өкінішті. Қаншама отбасы ойрандалып, анасы баласынан айрылып, қаншама қаракөз қыздарымыз талақ құрбандары болды. Енді осының бәрін қайта орнына келтіру тағы жиырма жыл уақыт керек!

Халықтың күдігін сейілту үшін тәлім беруге емес, адасып жүргендерді қайтаруға еңбек етіңіз бірінші!

“Адастым, қайта оралдым болды” деп айтсаңыз, халық сізді қабылдай салады десеңіз қателесесіз!


Бұл да бір халықтың ойын басқа жаққа бұру қойылымы болмасы үшін енді көп еңбек керек!

Арабтың ақшасы таусылып, қазақтың ақшасы үшін бетіңіз бері қараса, онда сіз кез-келген уақытта кетіп қалуыңыз мүмкін!

Қалай адасып, не бүлдіргеніңізді ашық айтып, қайта келгеніңізді нақтырақ ашып жазсаңыз, сізге деген сенім арта түседі!

Ел алдында жүрген ағалардың өз қателігін мойындағаны сәләфи жолында адасып жүрген, жастарға да үлгі болар еді!

Сіз соған сенесіз бе?- деген жауапқа!

Әлі күдігім басым, бір мүмкіндік беріп көру керек", - деп жазды Айгүл Орынбек.