Айгүл Орынбек Президенттен Шымкентте төтенше жағдай жариялауды сұрады

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Құрметті Президент!

Еліміздің Оңтүстігі Шымкент қаласының да жағдайы мәз емес!

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласында төтенше жағдай жариялауды сұраймын.

Полиция қызмет көліктерінен бөлек, қала тұрғындарының жеке мүліктерін қиратып жатқандар бар", - деп жазды Айгүл Орынбек.