Айгүл Орынбек: Солтүстік Кореядан еш айырмашылығымыз жоқ сияқты көрініп кетеді кейде


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әкімдік қызметкерлерінің парақшаларын оқып, Солтүстік Кореядан еш айырмашылығымыз жоқ сияқты көрініп кетеді кейде.
Осылар шынында қателіксіз, идеальный жұмыс істейді ме деп қаласың?
Су басқан халыққа тек халық көмек берді. Ал әкімдік халықтан келген көмекті тек үйлестіруші. Осыны барлығы түсініп алу керек! Он күн өтті, үйлері әлі біткен жоқ, бәріне алғыс, рахмет айтқызып видеоға түсіріп таратып жатыр!
“Рахмет” айту әлі ерте, үйлерін бітіріп қоныстанып, жайғасып арқасын кеңге салып, көңілі тынышталған халық, сұрамай ақ “рахмет” айтады!
Бірақ біздіңкілер қорқытып мақтатып, жағымпаздандырып, рахмет айтқызады!(кешегі қорқып рахмет айтып, маған шағымданған, видеоны айтам).
Енді тек бір нәрсе жетпей тұр әкімдік парақшаларына Ким Чен Ын ның аяғына жығылып құлап, жылап, рахмет айтып тұрады ғой халқы, тура сондай көрніс !Енді сондай видео мен суреттері болса керемет болар еді", - деп жазды Айгүл Орынбек.