Айгүл Орынбек Тазабеков туралы: Цирктегі сайқымазақтардан еш айырмашылықтарың жоқ


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Иттер тамақ беретін қожайынын басқалар талап жатса, келіп қорғайды емес пе? Дәл солай Мұхамеджан ағаның діндегі інілері бүгін қорғауға көшіпті!
Бұлар "жер сатылады" деген де үн қоспайды. "Қытайлар 50 зауыт салады" дегенде де алаңға шықпайды! Бұларға ең маңыздысы қажылыққа апарып келген, қаржылай құлқындарын толтырып отыратын ағаларын қолдаса болды. 
Халық тек сөзбен ұрып жатыр Мұхамеджан ағаны! Ал Мұхамеджан аға, алаңға шыққан халықты, полиция аямау керектігін айтты. Сөз қумай, халықтың алдында "монтаж"- деп ақталмай үндемей қоя салу керек еді. Бықсып жатқан отты , түрте берсең жана береді . Қорғаушыларыңыз қорғаймын деп, бықсып жатқан отты жандырып алмасын! Халық бұрыңғыдай қараңғы емес! Бір адамды қорғағанша, бүкіл халықтың мұңын айтып жүрсеңдерші! Әйтпесе цирктегі сайқымазақтардан еш айырмашылықтарың жоқ", - деп жазды ол.