Сөзі: Мұқағали Кенжетай
қайырмасы:
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма берген қолдарымнан,
Айналайын дермісің.
1) Ажарыма алмадай,
Қарадың ба таңдана-ай.
Мінезіме әр қалай,
Шыдап жүрсің сен қалай?
қайырмасы:
Ай, ай менің жүрегім,
Жүрегіммен тіледім.
Ай, ай менің жүрегім,
Жүрегіммен тіледім.
Сенде менің қалауымды,
Біліп жүрсің, білемін...
2) Әлі тағы ойланам,
Теңімсің ба сай маған,
Жүрегіме ұнасаң,
Менде саған байланам.
Қайырмасы:
Мен кетемін, көріп қал,
Шын ұнатсаң еріп бар,
Мен кетемін, көріп қал,
Шын ұнатсаң еріп бар,
Жүрегіме жол тауып,
Маған сыңар болып қал...
қайырмасы:
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма, алма дермісің,
Алма берсем жермісің.
Алма берген қолдарымнан,
Айналайын дермісің.