Айкерім Қалаубаева - Өзгеремін әнінің сөзі

Күні кеше жарыққа шыққан жаңа "Өзгеремін" әнінің сөзі мен бейнебаянын тамашалаңыздар!

Әні: Нұршапағат Орынбасар
Сөзі: Нұршапағат Орынбасар

 

Өзгеремін

Күз келді, бәрі өзгерді

Ұмытар бәрін кез келді.

Жанымды жаралап,

Кеткенің дұрыс па енді?

Қайырмасы:

Қасымда қалшы деп,

Жанымда болшы деп,

Сұрамаймын,

Енді жыламаймын.

Төзімім таусылды,

Сезімім басылды.

Өзгеремін, сөз беремін.

 

Кешуге енді кеш мүлде,

Естеліктер мәңгі жойылсын,


Сенбеймін ешкімге,

Бәріне нүкте қойылсын.

Қайырмасы:

Қасымда қалшы деп,

Жанымда болшы деп,

Сұрамаймын,

Енді жыламаймын.

Төзімім таусылды,

Сезімім басылды.

Өзгеремін, сөз беремін.