Айкерім Қалаубаева - Уәде берме әнінің сөзі

 

Әні: Азизбек Айтжанов 

Сөзі: Асылбек Артықов

Уәде берме,

Өміріңді гүл етем деп уәде берме,

Әлемдерде серілердің серті мықты әйелдерге.

Уәде берме,

Сүй алмасаң дәрежеңнен төмендеме.

Көнем деме,

Амалсыздан барған, тұрмас уәделерде!

Қайырмасы:

Уәде берме,

Роза гүлдің жүз бірімен келем деме.

Кешкілік Алматыда серуендеуге,

Хақың жоқ жүрегімді әурелеуге.

Уәде берме,

Сертіңді серім бұзып еркелеме,

Тіліңмен мың апардың шет елдерге,

Қайтесің қызығы жоқ мекендерде.

Уәде берме,


Шын бақытқа жеткізем деп әдемі елде,

Уәде берме,

Әр күнімді өткізем деп сенімен бірге.

Уәде берме,

Бұйырса деп жүгінбей-ақ дәлелдерге,

Корабльде капитан да алаңдайды әлденеге.

Қайырмасы: