"Айлығы 800 мың теңге": Иракта заңсыз казинода жұмыс істеген қазақ жігіттері мен қыздары түрмеге тоғытылған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламысына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қонаев қаласындағы казиноларда диллер болып жұмыс жасаған қазақ жігіттері табысым аз деп, өзге елден ғаламтор арқылы жұмыс табады. Әу баста заңды түрде жұмыс жасаған жігіттер бір жыл жұмыс атқарып, казино жабылған соң, елге оралады. Қайтадан ғаламтор арқылы жұмыс табады. Ұшу билетін алып беретінін казиномен келіскен соң, қайтадан Иракқа жол тартады. 

Күйеуі үшін араша сұраған Айжамал Уснаддинова болған жайтты былай деп баяндайды: 

- Күйеуім Демеуқұлов Әділет Жеңісқалиұлы 1987 жылғы азамат. Үйленгенімізге 13 жыл болды. Қонаев қаласында казинода диллер болып жұмыс жасағанына 6 жыл. Айлығы небәрі 180-200 мың теңге болған соң, табысы көп деп шетелге кетті. Ол жақта 800 мың теңгеге дейін айлығы бар. Ол жақтағылар құжаттарының барлығын жасап, ұшақ билетін төледі. "Икал" атымен аталатын ойынхана. Бірақ оның заңсыз екенін білдік. Осыдан бір жыл бұрын барған казино заңды болған соң, бұл Икал казиноны да заңды деп ойладық. 

- Айжамал, бізге полиция қызметкерлері келді. Шартылдақ тапаншалары бар. Тағы да ұсталып қалдық. көреміз енді, деп Әділет Айжамалға хабарлама жіберген. Айжамалдың айтуынша, күйеуі:
"Бұл жерде тұру мүмкін емес. Қайтсеңдер де дабыл қағып, бізді шығарып алыңдар",
 деген.  

Әделеттен бөлек тағы екі қазақ жігіті түрмеге тоғытылған. Оның бірі Алмас Құрманаов пен Дінмұхаммед Қомаев есімді жігіттер. Оларда да дәл осы жағдайды айтты. 

Айта кетейік, Қомаев полициядан қашып, аяғын сындырған. Бірақ, ол елшіліктің араласыумен елге наурыз айында қайтып келген. 

- Біз бәрін заңды деп ойладық. Бұлай боларын білмедік. Мен қашамын деп, аяғымды сындырдым. Елге оралдым. Бір айтарым, қаншама қазақстандық өзге елде жұмыс жасап жүр. Бірақ, жұмыс орны заңды болмаса, бармау керек. Біз соның кесірінен қиындыққа тап болдық. Абай болыңыздар!, деп жанайқайын айтты. 

"Көреміз" бағдарламасы, заңгер Мейірман Шекеев және елшіліктің араласуымен, қызу жұмыс жасауы арқасындаи екі жігітт елге қайтарылады. 

Бірақ, екі жігіттің бірі Әділет Түркияға келіп, қайтпайтынын айтып, жұмыс жасауға қалып қалған.