Аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесі талқыланды

«Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткіздім. Ауыл шаруашылық пен индустриалдандыру мәселелерін қарадық», - деп жазылған жұма күні К. Мәсімовтың Twitter-дегі парақшасында.

Ал pm.kz сайтындағы блогта мемлекеттік комиссия аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелерін талқылаған.

«…Аймақтарды 2011 жылы азық-түлік бидайымен қамтамасыз ету бойынша ақпаратты тыңдадық», - деп жазыпты премьер-министр блогында.

Оның ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, ірі инвестициялық және индустриалды жобалардың жүзеге асырылу барысы мен Алматыдағы «Сайран» мегаауданының құрылысын аяқтау мәселесі қаралды.