"Үкімет тұрақты қорларда және бидайы жеткіліксіз аймақтарға дәнді дақылдарын жеткізу туралы шешім шығарды. Корпорацияның есебінен бидай сатып алу жөнінде меморандумға қол қойылып, тұрақтандыру қорларына 16 қарашада 163 мың тонна бидай сатып алынды", - делінген хабарламада.
Құжаттарда көрсетілгеніндей, "Астана, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстары Қазақстанның бидай одағы, Азық-түлік корпорациясы мен әкімдіктер арасында жасалған келісім бойынша қамтамасыз етіліп отыр. Ал Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарына қажетті ұн көлемін Қазақстанның бидай одағы жеткізуде".
Сондай-ақ, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" хабарлағанындай, мемлекеттік бидай қорын жаңарту үшін, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен 345 мың тонна бидай сатып алынды. "Мемлекеттік қордың жаңартылуымен қатар, Азық-түлік корпорациясы коммерциялық бидай сатып алуды жолға қойған. 16 қарашада оның жалпы көлемі 542 мыңға жетті", - делінген баспасөз хатында.
Азық-түлік корпорациясындағылардың атап өткеніндей, сапасына қарай бидай тоннасы $225 - $240 сатып алынады.
"Бидай 2008 жылдың көктеміне дейін сатып алынады", -деп хабарлайды корпорациядағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті