ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық кәдесыйлық банкнотты және ескерткіш монетаны таныстырды.
Бұл туралы Caravan.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бүгін Астанада ҚР Ұлттық Банкінің «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта» атты конференция өтті. Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.
«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бірегей көшбасшылығымен Қазақстан ғасырға бергісіз жолдан өтті. Жарқын жетістіктер мен толағай табыстардың 25 жылы – Елбасының көреген және сарабдал саясатының салтанаты», - деп атап өтті Г. Әбдіқалықова.
Жиында таныстырылған жаңа банкнот 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні айналымға шығады.