Айнұр Тұрсынбаева: “Егер ішек-қарын тазалаудан жарыс болса 100 машина мінер едім”

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Айтыстың чемпионы Айнұр Тұрсынбаева ішек-қарын тазалап оқырмандарына видео жолдады. 33 көлік мінген ақын қыз қарын тазалаудың бірнеше түрін білетінін алға тартты.

"Мен тәтемнің (нағашы апам) қолында өстім ғой.. Қарапайым отбасы едік..
Тәтем марқұм совхоздың сойылған малдарын жіліктеуге көмектесіп, ақысына ішек-қарын алатын.. Оны үйге әкеліп бірге тазалайтынбыз.

Сіздер мені айтыстан 33 көлік мінген чемпион деп білесіздер ғой, егер ішек-қарын тазалаудан жарыс болса 100 машина мінетін едім. Қарынды аппақ қылып тазалаудың бірнеше түрін білетінмін.

Сонда 10-11 жаста екенмін ғой ойлап отырсам. Тіпті тәтем 2-3 қойдың ішек-қарнын маған әкеліп тастап спокойно жұмыстарымен кете беретін. Рахаттанып тұрып тазалап, тіпті қуырдақ қуырып қоятын едім.

Мен әлі күнге дейін ішек қарынның иісін жақсы көремін. Қайта-қайта иіскегім келеді. Ішек қарыннан жасалған қандай тағам түрлерін жақсы көресіздер"-,деп деді айтыскер.

Желі оқырмандары: "Мәәәә, супер келіншексіз ғой","Айнұр ханым сіздің саулығыңызды тілеймін","Бақытты болыңыз","Отбасыңыз аман болсын","100 емес мың көлік мінетін едіңіз",- деп жазды.