Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламысында айтылды, деп жазады Stan.kz.
«Тоқал алу қазақ қоғамында да, мұсылман әлемінде де бар нәрсе. Оған шошынып қараудың қажеті жоқ. Өйткені қоғамда ашық айтылмағанымен, екінші әйел алып, өмір сүріп жатқандар көп. Біздің ұлы Абай атамыздың өзі тоқалдан туған. Қазақтың қоғамындағы бар нәрсе. Кезінде қай ата-бабамыз бір әйелмен шектеліп қалды? Барлығы бірнеше отбасын бірге ұстап отырды. Қазақ өзінің қазақтығынан қашып жатыр. Әркім өзінің жағдайына, деңгейге қарай есептейтін шығар», – деп пікір білдірді Тұрсынбаева.