Айқын: «Алтыным» әнін орындамасам, халық тәпішке лақтырады

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Циркте ән айтқан қызық, біреуге алдымен айтсаң, біреуге арқамен тұрып қаласың…Бірақ мен амалын таптым. Шымкент ыстыыыық ықыласпен қарсы алды. Рахмет… Бұл әнді орындамасам, xалық тәпішкелерімен лақтырып тастайды», – деп жазды Айқын желідегі парақшасында.

Айқын Төреғали мен Фарида Жолдасованың орындауындағы «Қыдырып қайтайық» әнін алғаш рет өз концертінде орындаған. Естеріңізде болса, Айқын аталмыш әнді Ұлы дала баласының концертінде орындап, ұнатып қалған еді. Ұлықпан Жолдасов пен Төреғалидің рұқсатын алған ол алдағы уақытта осы туындыны репертуарына қосып алатынын да тілге тиек еткен.


Loading...