"Айқынның әйелімен түскен клипін көргенде жылап жібергенмін": Жұлдыз Өмірғали махаббат хикаясын айтып берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші "Қалаулым" бағдарламасында басынан өткен жағдайын айтып, жылап жіберді.

"Ел ойлап қалды ұзатылған уақытта ғана қосылды, сол уақыттан бастап қана жүріп жатыр деп. Шынын айтатын болсам, біздің жүріп жүргенімізге 3 жылдан асты. Бастапқыда оның жұбайы бар болғанын білген жоқпын, жарты жыл уақыт өткеннен кейін барып клип шықты. Көрермендердің пікірі көңілге қатты тиеді, көрермендер "көз жасына қаласың" - деп қарғап жатады" - деп ағынан жарылды әнші.