Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарда өндірістік іс-қызметке тыйым салу қажет - президент

"Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарда қандай да бір өндірістік іс-қызметке тыйым салу қажет. Оларды тек рекреациялық және сауықтыру мақсатында ғана пайдалдану керек", - деді президент.

Мемлекет басшысы сонымен бірге "ормандарды өрттерден, заңсыз ағаш кесуден қорғауға, еліміздегі ормандардың аумағын арттыруға ықпалды шаралар қолдану қажет",- деді. "Біз осынау игілікті іске бізбен бірге біздің инвесторлардың да қатысқанын қалаймыз", -деді президент.

"Ағаш тұқымдарын өсіретін питомник шаруашылықтарының аясын кеңейту, жеке меншік инвестицияны тарту арқылы түрлі мақсатта ағаш тұқымдарын плантацияларда өсіруді дамыту қажет", -деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті